Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Титаниктегі әуен": Ресейде тасқын болған ауыл тұрғыны тізеге дейін су кешіп, саксофонда ойнады (видео)

Опубликовано:

Саксафон ойнап тұрған ер адам
Саксафон ойнап тұрған ер адам.Видеодан кадр: t.me/breakingmash

Ресейдің Орынбор облысындағы Весенный ауылын су басып қалды. Тұрғындардың бірі су тасқынына қарамастан, саксофонда ойнап, көршілерінің көңілін аулауды жөн көрген.

"Урал56.Ру" Telegram-арнасында Ресейдегі су басқан ауылда түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан Весенный ауылының тұрғынының музыкалық аспапта ойнағанын көруге болады.

"Бүгін, 11 сәуір Вдохновенная көшесінен тікелей эфирде репортаж жасап жатырмыз. Бізде аздап су бар (күлді). Бірақ біз Титаниктегідей әдемі және әуенмен батамыз шештік", - деді ер адам су басқан жер үйлердің арасында тұрып.

Видеодан ауыл тұрғыны балық аулауға арналған арнайы костюмін киіп алғаны, судың тізесіне дейін жеткені көрінеді.

Ер адам британиялық музыкант Джордж Майклдың әйгілі Careless Whisper әуенін саксофонда ойнады.

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, саксофоншының есімі – Степан.

"Ол бұл жерден кетпейтінін, үйді тонаушылардан қорғайтынын және айналасындағыларға жақсы көңіл-күй сыйлайтынын айтқан", - деп жазады пост авторлары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2083856-titaniktegi-auen-reseide-tasqyn-bolgan-auyl-turgyny-tizege-deiin-su-kesip-saksofonda-oinady-video/

pixel