Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: Ақтөбедегі Песчанка өзенінің үстінен өтетін көпір құлады

Опубликовано:

Адамдар құлап қалған көпірден өтіп жатыр
Адамдар құлап қалған көпірден өтіп жатыр. Фото: Almaty.tv

Ақтөбедегі су тасқыны Қарғалы тұрғын үй алабындағы Песчанка өзенінің үстінен өтетін көпірді қиратып кетті. Тұрғындар шамалары жеткенше қалпына келтіргенмен, өткел әлі де апаттық жағдайда тұр, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Белгілі болғандай, Қарғалы тұрғын үй алабында қазір 300-ден астам отбасы тұрады. Жергілікті тұрғындар өткел арқылы ары-бері қатынауға мәжбүр. Онсыз да қауіпті жағдайда тұрған көпір тасқын салдарынан, тіптен қирап қалған. Алайда оқушылардың мектепке баруы үшін көпірді пайдаланудан басқа амалы жоқ.

Ұзындығы 15 метр өткел 40 жыл бұрын салынған. Тұрғындардың айтуынша, ол мектеп пен балабақша, дәріхана мен жұмысқа апаратын жалғыз жол. Песчанка өзенінде көтерілген судың деңгейі төмендегенімен, опырылған өткелді қайта қалпына келтіру мүмкін болмады.

"Өткел қауіпті, балалар құлап кетуі мүмкін. Шара қолдану керек шығар", – деді қала тұрғыны Гүлнәр Балдығарина

Алайда маңызды нысан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының балансында жоқ, сәйкесінше оны жөндеуге бюджет те қарастырылмаған. Бірақ жергілікті билік мәселені біржақты етуге тырысатынын айтып, уәде етті.

"ЖКХ бөлімі мен Алматы ауданы әкімдігінің мамандары барып, зерттеу жүргізеді. Егер қалыпқа келтіру керек болса, бар мүмкіндікті қарастырамыз", – деді Алматы ауданының әкімі Асланбек Сүйіншәлиев.

Жауаптылар осы аптаның соңына дейін көпірді тексеріп, тұрғындарға жауап беретінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084042-su-tasqyny-aqtobedegi-pescanka-ozeninin-ustinen-otetin-kopirdi-qulady/

pixel