Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атырауды қорғауға шығыпты": белгілі композитор Ілия Жақанов Жайықтың жағасындағы дамбыға барған

Опубликовано:

Ілия Жақанов
Ілия Жақанов Жайық жағасындағы дамбыға барған. Фото: facebook.com/ОңғарҚабден

Жасы тоқсанға таяған белгілі композитор, қазақ халқының өнерін зерттеуші Ілия Жақанов студенттерге көмектесу үшін Жайықтың жағасындағы дамбыға барған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Оңғар Қабденнің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Атақты композитор Илья Жақанов атамыздың өзі Атырауды қорғауға шығыпты. Студенттерге қолғабыс беруге күректің сабына сүйеніп, Жайықтың жағасындағы дамбыға келіпті.

Әншейінде Атыраудың тойынан шықпайтын біздің жұлдыздар қайда?", - деп жазды Оңғар Қабден парақшасында.

Айта кетейік, танымал әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге қаражат аударып, Ақтөбедегі Ойыл ауданы тұрғындарымен, Құлсары халқымен кездескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084519-atyraudy-qorgauga-sygypty-belgili-kompozitor-iliya-zaqanov-zaiyqtyn-zagasyndagy-dambyga-bargan/

pixel