Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңындағы таулы аймақ тұрғындарына су басу қаупі туралы ескертілді

Опубликовано:

Қолшатыр ұстаған адам
Жаңбырлы күні қолшатыр ұстаған адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысының тау бөктеріндегі аймақтарын, сондай-ақ Алматыға жақын орналасқан аудандарды су басуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, Алматы облысында 16-17 сәуір аралығында қатты жауын-шашын күтіледі.

"Осыған байланысты Алматы облысының таулы аймағы мен тау етегіндегі аудандарда және Алматы қаласына жақын аудандада өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Соның салдарынан су тасқыны болуы мүмкін", - дейді мамандар.

Синоптиктер су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда өзендердің жайылма учаскелерінде орналасқан елдімекендерді, шаруа қожалықтары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталатынын атап өтті.

Айта кетейік, Алматыда толассыз жауатын жаңбырға дайындық жүріп жатыр. Бұл ретте әкімдік тұрғындарға үндеу жасаған болатын.

Сондай-ақ бүгін 15 сәуірде қаладағы Бостандық ауданында қар көшкіні жүрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085161-almaty-manyndagy-tauly-aimaq-turgyndaryna-su-basu-qaupi-turaly-eskertildi/