Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған 22 жастағы қызға 11 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін (видео)

Опубликовано:

Қыз
Қыз. Видеодан кадр: Түркістан облысының полиция департаменті

Түркістан облысында студент қыз әдемі видео түсіру үшін Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған деген күдікке ілінді. Бұған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Facebook желісіндегі ресми аккаунтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында пайдаланушылардың бірінің парақшасынан қыздың қызғалдақ ұстап түскен видеосын анықтаған. Полицейлердің мәлімдеуінше, ол гүл Қызыл кітапқа енген әрі заңмен қорғалады.

"Тексеру кезінде жойылып кету қаупі төнген "Грейг" қызғалдақтарын Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны жұлғаны анықталды.

Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, парақшасына жариялаған", - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің өкілдері.

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі полиция бөлімінде тіркелді. Қазір істің мән-жайы анықталуда.

Осыған орай полицейлер "Грейг" қызғалдақтарын тамашалауға барған тұрғындар мен қонақтарға Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Айта кетсек, Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде олардың айналымы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3000 АЕК дейінгі мөлшерде (11 076 000 тг) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085518-turkistan-oblysynda-qyzgaldaq-zulgan-22-zastagy-qyzga-11-mln-tengege-deiin-aiyppul-salynuy-mumkin-video/

pixel