jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Дубайда нөсер жаңбыр: Air Astana өкілдері рейстер ауыстырылатынын мәлімдеді

Шабадан
Әуежайдағы шабадан. Көрнекі фото: pixabay.com

Air Astana әуекомпаниясы нөсер жауынға байланысты Дубайдан Алматыға және Дубайдан Астанаға ұшуы керек болған бүгінгі рейстер ертеңге, яғни 17 сәуірге ауыстырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы компанияның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Дубай қаласында нөсерлі жауын салдарынан әуеайлақты су басуына байланысты KC206 Дубай – Астана және KC898 Дубай – Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге ауыстырылады", - делінген әуекомпаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған қоса әуекомпания өкілдері жолаушыларды қонақ үйге орналастыру және тамақтандыру үшін барлық шара қабылданғанын атап өтті.

Рейстердің мәртебесін әуекомпания сайтынан тексеруге болады.

Дубайда нөсер жаңбыр: Air Astana өкілдері рейстер ауыстырылатынын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.