Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев баланы көлікпен қағып, жазадан жалтарған ба: ІІМ өкілі тексеріс барысы туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Айыпталушы Қуандық Бишімбаев
Айыпталушы Қуандық Бишімбаев: NUR.KZ / Әйгерім Асқарова

Мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаев баланы көлікпен қағып кетіп, жауапкершіліктен жалтарды деген мәлімдемеге қатысты сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Баланы қағып кеткені туралы әзірге айтқым келмеген еді. Бірақ бұл ақпарат әзірге расталмады. Біз Нүкенованың туыстарымен, ағасымен сөйлескен едік (Айтбек Амангелді – ред.)

Ақпарат қайдан шыққанын білдік, тексердік. Бұл жерде басқа жағдай, ол әлі расталған жоқ, бірақ әлі де қараймыз", - деді Игорь Лепеха.

Еске салайық, 1 сәуірде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде Салтанат Нүкенованың анасы эмоциясын жасырмай, қатты ашуланған еді. Бишімбаев сол сот отырысында асқан қатыгедікпен адам өлтірмедім деп кәнісін мойындамаған болатын.

Сол кезде Нүкенованың анасы Бишімбаев баланы көлікпен қағып кеткенде де жазаланбағанын айтқан еді.

Кейінірек Игорь Лепеха бұл факт бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086406-bisimbaev-balany-kolikpen-qagyp-zazadan-zaltargan-ba-iim-okili-tekseris-barysy-turaly-aitty/