Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"8 сағат бойы өлтірдің": сотта Салтанат Нүкенованың анасы эмоциясын жасыра алмады

Опубликовано:

Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы
Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы. Скриншот: youtube.com/@SupcourtRK

Салтанат Нүкенова өліміне қатысты іс бойынша айыпталып жатқан ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев сотта сөз сөйлеп тұрған сәтте залда Салтанат Нүкенованың анасы оның сөзімен келіспейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сотта сөз алған Қуандық Бишімбаев әйелін аса қатігездікпен өлтірмегенін айтты.

"Тоқта. Сен қалайша аса қатыгездікпен өлтірмедім деп отырсың? Мен өз қызымды көрмедім, жерледім, оның бет-жүзін көрмедім, сен қандай қатігездікпен оны ұрдың. Қай бетіңмен осылай сөйлеп тұрсың? Сен оны бірнеше сағат бойы ұрып-соқтың. 8 сағат бойы өлтірдің”, - деді Салтанат Нүкенованың анасы..

Судья дереу оны тоқтатып, сабырлық сақтауды талап етті.

Бишімбаев "құдай алдында да, бәрінің алдында да жауап беруге дайын екенін" мәлімдеді.

"Жек көріп, қарғыс атсаңыздар да құдайдың алдында да, бәрінің алдында да жауап беруге дайынмын. Өлтіруге, қатыгездікпен өлтіруге еш ниетім болған жоқ. Мен Салтанатты жақсы көрдім. Анасының реакциясын түсініп тұрмын”, - деді ол.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076681-8-sagat-boiy-oltirdin-sotta-saltanat-nukenovanyn-emociyasyn-zasyra-almady/

pixel