Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот қайта жалғасты: онлайн-трансляция

Опубликовано:

Альмира Бишімбаева, Қуандық Бишімбаев
Альмира Бишімбаева, Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

17 сәуірде Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты кезекті сот процесі басталды. Айыпталушы орындығында экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжанов отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube-арнасында онлайн көрсетіледі. Сот процесі сағат 10:00-де басталады.

Еске салайық, кеше, 16 сәуірде Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова судья мен алқабилерге өтініш айтты. Прокурор мен жәбірленуші тарап мәйіттің сараптамасын талдаған мәскеулік мамандардың қорытындысын іске қосуға қарсылық білдірген соң, Альмира Бишімбаева оны іс материалдарына қосуды сұрады.

Бұған дейін сотта айыпталушы Байжановтан жауап алынды. Ол адвокаттардың сұрақтарына жауап беріп, тергеу изоляторында қысым көргенін айтты.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086169-eks-ministr-quandyq-bisimbaevqa-qatysty-sot-qaita-zalgasty-onlain-translyaciya/

pixel