Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Судья Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ресейлік сарапшылардың қорытындысын қабылдамады

Опубликовано:

Судья
Судья. Фото: Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Судья Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ресейлік сарапшылардың қорытындысын қабылдамады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды.

Судья Бишімбаевтың қорғаушылары ұсынған мәскеулік сарапшылардың сараптамасын іс материалдарына қосуға рұқсат бермеді.

Судья неге мұндай шешім шығарғанын түсіндірді. Оның сөзінше, сараптамаларда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары бұзылған.

Еске салайық, кеше, 16 сәуірде Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова судья мен алқабилерге өтініш айтты. Прокурор мен жәбірленуші тарап мәйіттің сараптамасын талдаған мәскеулік мамандардың қорытындысын іске қосуға қарсылық білдірген соң, Альмира Бишімбаева оны іс материалдарына қосуды сұрады.

Бұған дейін сотта айыпталушы Байжановтан жауап алынды. Ол адвокаттардың сұрақтарына жауап беріп, тергеу изоляторында қысым көргенін айтты.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086220-sudya-saltanat-nukenovanyn-olimine-qatysty-reseilik-sarapsylardyn-qorytyndysyn-qabyldamady/

pixel