Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен VIP бөлмеден Нүкенованың саусақ ізі табылмады: Бишімбаев жауап берді

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаевтан Нүкенованың саусақ ізі не үшін қылмыс болған жерден табылмағанын сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Салтанат Нүкенованың саусақ ізі еш жерден табылмады. Бірге ішкен болсаңыздар бұл қалай? Бөлмеде де, дәретханада да саусақ ізі табылмады. Стакандардағы, бөтелкелердегі саусақ ізі тек сіздікі", - деп сұрады адвокат.

"Білмеймін. Дактилоскопиялық қорытындыда оның саусақ ізі темекі тұқылында және тағы басқада бар деп жазылған. Бөтелкеден мен құйдым, стаканды ұстамаған шығар. Мен түсіндіріп бере алмаймын", - деді Бишімбаев.

Кейін адвокат одан Салтанат стаканға қол тигізбей қалай ішті деп сұрады.

"Мен оның ішкенін көрдім. Саусақ ізі қалай алынғанын білмеймін, қалай түсіндіремін?" - деді Бишімбаев.

Сонымен қатар кешегі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтан "мүсәтір спиртімен саусақ ізін өшірдіңіз бе" деп сұралды. Бишімбаев жауабында олай жасамағанын айтқан болатын.

18 сәуірде сот отырысында екінші айыпталушы Байжанов хабарласқан дәрігер Ерсұотан Сәрсенбаевтан жауап алынды.

Еске сала кетейік, 17 сәуірде өткен сот отырысында судья Нүкенованың өліміне қатысты Бишімбаевтың адвокаттары ұсынған мәскеулік сот сарапшыларының қорытындысын іс материалдарына қосудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086976-bisimbaev-ne-usin-vip-bolmeden-nukenovanyn-sausaq-izi-tabylmaganyna-qatysty-zauap-berdi/

pixel