Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы су тасқыны: Тимур Құлыбаев Атырау облысына 30 млрд теңге бөлмек

Опубликовано:

Тимур Құлыбаев
Фото: inbusiness.kz

Тимур Құлыбаев Атырау облысындағы су тасқыны зардаптарын жойып, өңірді қалпына келтіруге 30 млрд теңге бөледі. Бұл туралы Telegram-дағы Energy monitor арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан энергетика саласының мәселелеріне арналған ақпараттық-талдау арнасында жарияланған мәлімет бойынша, қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіру мен салуға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарды қолдауға бағытталады. Жұмыс залалды бағалау аяқталғаннан кейін бірден басталады.

"Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың қайғысына ортақпын. Алғашқы күндерден бастап су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетіп жатырмыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен біз барлық қиындықты бірге еңсеретінімізге сенімдімін", - деді Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына сапары кезінде бизнес өкілдерімен кездесіп, Forbes тізіміне енген ірі кәсіпкерлермен сөйлесетінін, олар су тасқынынан зардап шеккен әр облысқа бекітілетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087204-qazaqstandagy-su-tasqyny-timur-qulybaev-atyrau-oblysyna-30-mlrd-tenge-bolmek/

pixel