Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 градусқа дейін аптап": мамырда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Жайылып жүрген мал
Жайылып жүрген мал. Көрнекі сурет: Brandon Bell/Getty Images

"Қазгидромет" РМК өкілдері мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Бұл таралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бір ай бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түседі. Көп күн бойы жоғары температуралық фон сақталады деп күтілуде: республиканың солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы +35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +40°C дейін ыстық болады", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Суық толқындарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі: солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде -5 градусқа дейін, күндіз +15°C дейін; батыста және ҚР оңтүстік бөлігінде - түнде +5 градусқа дейін, күндіз +26°C дейін.

"Мамыр айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері еліміздің батысында, оңтүстік, орталық өңірлерінде шамадан тыс көп болады деп болжанып отыр", - деді "Қазгидромет" баспасөз хатшысы.

Болжам бойынша:

  • Айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болады деп күтілуде: республикамыздың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін ысуы мүмкін; оңтүстік жартысында +30+40°C дейін.

Суық толқындар әсерінен ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін;
  • еліміздің батысында және оңтүстік жартысында түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін.

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында күтіледі.

Мамыр айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087252-40-gradusqa-deiin-aptap-mamyrda-aua-raiy-qandai-bolady/