Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Суға кетсе, әкімді сотқа береміз!": Атырау облысында ауыл тұрғындары әкімдік әрекет етпейді деп шағымданды

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқынына қарсы шаралар. Фото: ТЖМ

Тасқын қаупіне алаңдаған Атырау қаласы маңындағы Жаңаталап ауылының тұрғындары жергілікті әкімнің іс-әрекетіне наразылық білдірді. Олардың сөзінше, он күн бұрын тасқынға қарсы шаралар туралы айтылған ұсыныс-талаптары әлі орындалмай келеді, деп хабарлайды "Ақжайық" басылымы.

Басылым мәліметінше, Зарослый каналы тұрғындардың өз күшімен топырақ толтырылған қапшықтармен биіктетілген. Бірақ әлі де аласа. Тұрғындар жаға бекітуге күш жетпей жатқанын және техника жоқтығын айтады. Одан бөлек, канал үстіндегі ескі көпірдің табанын нығайтуды талап етеді.

Жаңаталаптық тұрғындар бірнеше күн бұрын көпір тұсындағы бөгеттен техникамен топырақ алған. Олар өз күшімен тұрғызған бөгетті бұзғанына қарсылық білдіріп, топырақ алуды тоқтатқан. Тұрғындар жергілікті әкімге канал бойында өздері тұрғызған бөгеттен алынған топырақты қайта толтырып, жағаны қайтадан биіктетсін деп талап қойды. Бірақ талап орындалмаған.

Округте 10 мыңның үстінде халық болса, соның жартысы, яғни 5000-нан астамы Жаңаталапта тұрады. Ал Зарослый тұрғын үй алабында 1200 жер телімі бөлінген, ол жердің 30 пайызында тұрғын үй салынған. Жаңаталаптықтар айтқан көпір осы округке қарасты үш ауыл мен қаланы байланыстырып тұр. Қалаға жалғыз осы көпірмен шығады.

Тұрғындардың алаңдайтыны, ертең су мол келе қалған жағдайда эвакуация басталса, осы көпір арқылы өту керек болады. Ал көпір тозған, оның табаны әлсіз. "Көпірді су шайып кетсе, қалаға шыға алмай қаламыз", - деп алаңдайды ауыл тұрғындары.

"Айналайын, суға кетпесе, тіптен жақсы. Ал егер суға кететін болса, басыңмен жауап бересің ғой. осы жақтың халқы сені сотқа береміз. Біз әкімге Жайықтан келіп жатқан судан бірінші мына канал кететінін, көпірдің әзер тұрғанын айттық. Мен күнде кешкісін көпірді барып бақылаймын. Су каналда көтеріліп жатыр", - дейді Күләш Қалиева.

Әкім көпірдің суға шайылмайтынын атап өтті

"Ол шайылмайды. 60 жыл бойы тұрған көпір су тасқыны жыл сайын келеді, осы күнге дейін тұрды, әлі де тұрады, себебі қолымызда қорытынды бар", - деді суға кетпейтініне сендірген Атырау ауылдық округ әкімі Нұрлан Қалмырзин.

Басылым мәліметінше, тасқын судың көп мөлшері Атырауға сәуір айының соңы немесе мамырдың басында келеді деген болжам бар. Судың ең көп мөлшері алты метрге жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087981-suga-ketse-akimdi-sotqa-beremiz-atyrau-oblysynda-auyl-turgyndary-akimdik-areket-etpeidi-dep-sagymdandy/

pixel