Су тасқыны: "Қазақстан халқына" қорына зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 2,54 млрд теңге түсті
Жарияланған күні:
19 сәуірдегі жағдай бойынша азаматтар мен компаниялардан "Қазақстан халқына" қорына 2,54 млрд теңге жиналды. Бұл туралы қор ресми сайтында хабарлады.
Қор мәліметінше, зардап шеккендерге қаражат жинау 30 сәуірге дейін жалғасады, барлық жиналған қаржы ауылда апаттан қираған үйлер салуға жұмсалады.
"Мыңдаған азамат мүмкіндігіне қарай қаражат жіберді. Кейбір азаматтардың көмегі 1 миллион теңгеге жетеді. Экономиканың әртүрлі саласындағы ұйымдар бір күндік жалақысын жіберді – бұл мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік және ұлттық компаниялар, жеке ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер", - делінген хабарда.
"Қазақстан халқына" қоры мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі бастамасын қолдағандардың барлығына алғыс білдіреді.
Айта кетейік, бұған дейін қордың қамқоршылық кеңесі ауылдық жерлерде үйлер салуға 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді шығарды. Қор қаражаты мен жиналған ақша есебінен 500-ден астам үй салуға болады.
Қор ақпаратынша, қайырымдылық үшін тек қордың ресми сайтында көрсетілген шоттар мен деректемелерді пайдалану қажет.
Ал жеке тұлғалар қорға банктердің мобильді қосымшаларындағы "қайырымдылық" бөлімінде аударым жасай алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088023-su-tasqyny-qazaqstan-xalqyna-qoryna-zardap-sekkenderge-komek-korsetu-usin-254-mlrd-tenge-tusti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.