jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақтөбеде Taza qala экологиялық акциясының ашылуы өтті

"Таза қала" акциясы
"Таза қала" акциясы. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

20 сәуір күні Ақтөбе қаласы әкімдігі және Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Taza qala 4 айлық экологиялық акциясының ашылуы өтті.

Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында өткен экологиялық акцияға облыс әкімі Асхат Шахаров пен қала әкімі Азамат Бекет қатысты.

Сонымен қатар акцияға Eco madeniet тобының жетекшісі, қалалық маслихат депутаты Айман Сексеновада қатысты.

"Бұл сенбіліктің мақсаты – қала жастарының бойына патриотизмді насихаттап, табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қала тұрғындарын осындай игі іске атсалысуға шақырамыз", - деді қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артыгалин.  

"Таза қала" акциясы
"Таза қала" акциясы. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Экологиялық акцияға қатысушылар орталық тарапынан санитарлық құрал – жабдықтармен (тырма, күрек, сыпырғыш) және қапшықтар, арнайы қолғаптар мен экологиялық акцияға арналған футболкалармен қамтамасыз етілді.

"Таза қала" акциясы
"Таза қала" акциясы. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Акцияға 250 жуық қала жастары қатысып, 370 қапқа жуық қоқыс шығарылды.

"Таза қала" акциясы
"Таза қала" акциясы. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Ақтөбеде Taza qala экологиялық акциясының ашылуы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.