jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Гидрологиялық болжам: Қазақстанның қай өңірлерінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер Қазақстан аумағының 3 пайызы қармен жабылғанын айтты. Осы ретте алдағы аптада бірқатар облыста жауын-шашын жауады деп күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3 пайызды құрайды. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған", - делінген хабарда.

Синоптикалық болжамға сәйкес, 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, тек кей күндері күн ашық болады деп болжанады.

Алдағы күндері Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Сондай-ақ Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнде жаңбырдың арты қарға ұласады (20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында).

23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Гидрологиялық болжам: Қазақстанның қай өңірлерінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.