jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Әкімдік астаналықтардың үрейін ұшырған түнгі гуілге қатысты пікір білдірді

Астана қаласы
Астана қаласы. Көрнекі сурет: LUDOVIC MARIN/AFP via Getty Images

Кеше кешке елордада белгісіз гуіл естіліп, тұрғындардың үрейін ұшырған. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері тұрғындардың мазасын алған белгісіз дыбыс ненің салдарынан туындағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде кеше кешке қарай белгісіз гуілдің аудиожазбасы тараған, бұл дыбыс қала тұрғындарының мазасын кетірген. Үрейленген астаналықтардың пікіріне сүйенсек, гуіл елорданың оң жағалауында естілген.

"Қорқынышты", "Төбемнен тікұшақ ұшып бара жатқандай", "Бір гуіл сияқты", "Иә, дыбыс Еуразия/Рахмет ауданында (естілді - ред)", - деп жазды пікір білдірушілер.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, белгісіз дыбыс жылу электр станцияларының жүйелерін тазарту салдарынан туындаған.

"Жылу беру маусымының соңында жылу электр станцияларының жүйелері жыл сайын тазартылады. Мысалы, ЖЭО-2-де тура сондай тазарту жұмыстары жүргізілген. Бұл технологиялық процесс станцияның тұрақты жұмыс істеп тұруына қажет", - деді Астана әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Астанада күн жылынуына байланысты 19 сәуірден бастап жылыту маусымы аяқталғанын жазған едік.

Сондай-ақ ақпанда алматылықтар белгісіз дыбысқа шағымданған болатын. Дереккөз ақпараты бойынша, таңертең қатты гүрілдеген дыбыс естілген. Жағдайға қатысты "Алматы электр станциялары" АҚ баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді.

Кейін технологиялық қауіпсіздігі іске қосылғаны белгілі болды. Салдарынан жақын маңда орналасқан Алматы тұрғындарына белгісіз дыбыс естілген. Дереккөз ақпаратына сүйенсек, қазандықтың автоматты қауіпсіздік құралдарының іске қосылуы қалыпты жағдай.

Әкімдік астаналықтардың үрейін ұшырған түнгі гуілге қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.