jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

СҚО-дағы учаскелердің бірінде жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде (видео)

СҚО-да жол учаскесін қалпына келтіру жұмыстары
СҚО-да жол учаскесін қалпына келтіру жұмыстары. Видеодан кадр: t.me/qazavtojol

Солтүстік Қазақстан облысында "Жезқазған-Петропавл" автожолын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп отыр. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Солтүстік Қазақстан облысы филиалының мамандары республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" автокөлік жолының 872 шақырымындағы жол учаскесін қалыпқа келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпараты бойынша, қазіргі таңда жол қабатының негізін тұрақты ұстап тұру үшін ірі тастар төгіліп, кейін оны төсеу жұмыстары жүргізіледі. 6732 тонна қиыршақ тасты қорға жинақтап, тас карьерін құру жұмыстары басталды.

Жолды қалпына келтіру жұмыстарына 56 техника жұмылдырылды.

Еске салайық, биыл 9 сәуірде қардың тез еруі және Есіл өзенінің тасуы салдарынан бұл жол учаскесінде тасқын болған еді.

СҚО-дағы учаскелердің бірінде жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.