Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК қызметкерлері Бишімбаевтың телефонындағы құпиясөзді аша алмаған

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

ҰҚК қызметкерлері Қуандық Бишімбаевтың телефонындағы құпиясөзді аша алмаған – экс-министр азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгінгі сот отырысында Бишімбаевтың адвокаты айыпталушының телефонын тексеру талаптарын қайталап айтты. Еске салсақ, судья Бишімбаевтан телефонының құпиясөзін сұраған еді.

"Қорғаушы тарап соттың мұндай талабын орындау бөтен адамдардың телефондағы мәліметтерді жоюы және түзетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қорғаушы тарап телефонға балама қолжетімділік болмаған жағдайда, қорғаушы тараптың құпия сөзді дербес енгізуі телефонға қол жеткізуді қандай да бір түрде блоктайды деген соттың қорқынышы жөнсіз екеніне назар аудартады, телефонға қолжетімділік қазірдің өзінде сот үшін онсыз да біржола жойылған.

Бұл ретте Бишімбаев телефонының құпиясөзін оны сотта толық зерттеп, қорғаушы тарап оның мазмұнының барлық көшірмесін алған соң ғана беруге келіседі", - деп мәлімдеді Бишімбаевтың қорғаушысы.

Адвокат телефонда қасақана кісі өлтіру және қинау айыптарын жоққа шығаратын дәлелдер бар екенін айтты. Бұған судья заттай дәлелдемелерді зерттеу сот тергеуінің кез келген уақытында жүргізілетінін айтты.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұл телефонға ҚР ҰҚК бесінші қызметінің 12-бөлімі зерттеу жүргізіп, iPhone 13 Pro Max ұялы телефонына алты таңбалы құпиясөз орнатылғаны туралы қорытынды шығарды.

Ал қолда бар техникалық құралдарды пайдаланып, құпиясөзді айналып өту мүмкін болмады. Сот тергеуінің бұл сатысында ұялы телефон ашылмады, тексерілмеді", - деді судья.

Бұдан соң судья Бишімбаевтың қорғаушысының уәждерін дәйекті деп танымайтынын мәлімдеді.

Еске салсақ, Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі бүгін қайта жалғасты.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-каналынан көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088914-uqk-qyzmetkerleri-bisimbaevtyn-telefonyndagy-qupiyasozdi-asa-almagan/