Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да су тасқыны кезінде жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Александр Бекмачёв
Александр Бекмачёв. Фото: "Мой город" басылымы/Наталья Бекмачёва

БҚО-дағы Бәйтерек ауданында су тасқыны кезінде үйінен кетіп қалған ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы "Мой город" басылымы хабарлайды.

45 жастағы Александр Бекмачев 19 сәуірде сағат 17:00-де Бәйтерек ауданы Жаңатаң ауылындағы үйінен шығып, әкім жиналысына кеткен.

Кейін ол достарымен бірге табиғат аясына демалуға барып, ішімідік ішкен. Көршілес Щапово ауылына барған.

"Бұрын ол достарымен көңіл көтерсе де, үнемі үйге қайтатын. Оның есте сақтау қабілеті қалыпты. Ол арық адам, сол күні сұр-көк спорттық костюм мен кроссовкамен кетіп қалды. Біз полицияға хабарластық. Ауыл тұрғындары, полиция қызметкерлері, туыстары оны үш күннен бері бірге іздеп жатыр", - дейді жоғалған тұрғынның әпкесі Наталья Бекмачева.

Әпкесінің айтуынша, қасында болған жолдастары қайда кеткенін білмейміз дейді. Әпкесі мүмкін ол біреумен бірге көлікпен кетіп қалған шығар деп үміттенеді.

Басылым мәліметінше, егер кімде-кім жоғалған адамды көрген болса немесе оны білетін болса, жоғалған ер адамның әпкесі Натальяның +7 777 194 5655 телефон нөміріне хабарласуға болатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089010-bqo-da-su-tasqyny-kezinde-zogalyp-ketken-er-adam-us-kunnen-beri-izdestirilip-zatyr/

pixel