jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен лотереяларды жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін

Ойын автоматтары
Көрнекі фото: Noel Hendrickson / Getty Images

Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен лотереяларды жарнамалауға тыйым салынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мәжіліске сілтеме жасап хабарлайды.

Ойын бизнесі мәселелері туралы заң жобасында букмекерлік кеңселер мен казиноларды ғимараттардың, құрылыстардың қоршауларында және көлік құралдарының сыртқы жарнамасында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, мерзімді басылымдарда, кино, бейне және анықтамалық қызметтерде жарнамалауға толығымен тыйым салынады.

"Дегенмен букмекерлік кеңсенің және тотализатордың орналасқан жерінде, спорт ғимараттарының ішінде, спорттық бағыттағы теле, радиоарналар мен интернет-ресурстарда жарнамалауға рұқсат етіледі.

Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен лотереялардың интернет-ресурстарына да тыйым салынады. Сот актісі негізінде қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі жасалады. Бұл ретте банктер мен төлем жүйелеріне олардың пайдасына операциялар жүргізуге тыйым салынады", - делінген мәжіліс жариялаған хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.