jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Мамырда еліміздің бір өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Құрғаған жер
Құрғақшылық. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері мамырдың орта тұсында еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болатынын айтты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Телеарна ақпаратынша, "Қазгидромет" болжамы бойынша республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура бір-екі градусқа көтеріліп, жауын-шашын аз болады.

Метеорологтар, әсіресе, Қызылорда облысының Қармақшы ауданы қуаңшылықтан зардап шегуі мүмкін деп отыр.

"Ұлытау, Қызылорда, Қостанай және Ақмола облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл және Қарағанды облысының солтүстік батысында мамыр айында жауын-шашын әдеттегіден аз болады. Яғни нормадан төмен болады", - деді "Қазгидромет" РМК аргометеорология болжам басқармасының басшысы Қамар Сәлиева.

Дәл сол уақытта, яғни, мамыр айының ортасына қарай Қазақстанның солтүстігінде әдеттегідей егін науқаны басталады. Мамандар бұл ретте су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде қуаңшылық болады деген ғалымдардың болжамымен келіспеді. Олар табиғи апатты ескере отырып, топырақтағы ылғал қоры еліміздің негізгі астық егетін өңірлерде қолайлы болатынын болжап, алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Жалпы еліміздің басым аймағында алдағы мамыр мен маусым ыстық, ал мол жауын-шашын тек шілде айында түседі деп күтілуде.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мамырда еліміздің бір өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.