jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыдағы бірнеше ықшамауданда уақытша су беру шектеледі

Су құбыры
Су құбыры. Көрнекі фото: ljubaphoto/Getty Images

Алматыда кейбір ықшамаудандарда су құбыры желілеріндегі профилактикалық жұмыстарға байланысты су беру бойынша шектеулер болатыны ескертілді. Бұл туралы "Алматы Су" компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 25 сәуір сағат 00:05-тен 26 сәуір сағат 06:00-ге дейін бекіткіш арматураны ауыстыру және таза су резервуарларын жуу бойынша сумен жабдықтау нысандары мен желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты мынадай көшелерде контурында су беру уақытша шектеледі;

  • Орбита 1-4 шағын аудандарында;
  • Таугүл 3 шағын ауданында;
  • Мамыр 1-7 шағын аудандарында;
  • Саин-Жандосов-Яссауи-Шаляпин, Яссауи-Шаляпин-Әшімов-Абай.

"Алматы Су" мәліметі бойынша, жөндеу жұмыстары уақтылы орындалса, аталған учаскелердің тұтынушылары сапалы әрі тұрақты сумен қамтамасыз етіледі.

"Білім беру нысандарына автоцистерналармен су жеткізу жүзеге асырылатын болады. Тұрғындар үшін су таситын көлік белгіленеді, су тыситын көліктердің жүру бағыттарының кестесі мен сызбасы almatysu.kz сайтында көрсетіледі.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

"Алматы Су" оңтүстік астананы сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін Антикор "Алматы Су" бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталғанын хабарлаған еді.

Алматыдағы бірнеше ықшамауданда уақытша су беру шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.