Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев Нүкенованың хатында оны неліктен "нарцисс" деп атағанын түсіндірді

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Сот залында бүгін де Қуандық Бишімбаевтың телефоны тексеріліп жатыр. Бүгін судья оның марқұм Салтанат Нүкеновамен жазысқан хаттарының скриншоттарын оқыды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сотта Бишімбаев пен Нүкенованың өткен жылдың 17 шілдесінде жазысқан хаттарының скриншоттары оқылды. Онда Салтанат сотталушыны нәркес деп атап, хабарлама жазған.

"Мен жалғыз қалғым келмейді, енді біреуді сүйе алмаймын. Талай рет қайтып келдім, бәріне шыдадым, кешірдім. Енді мені кешірші, маған орал. Шынымды айтсам, нарцисс сізді әрқашан құнсыздандыратын болады, романтикалық кезеңнен кейін қайта шатқаяқтау басталады дегендерді оқып алғандықтан кеттім.

Некемізді талдап көргеннен кейін бәрі шеңбер бойынша өтіп жатқанын түсіндім. Маған мұның бұлай емес екенін дәлелде: жақсы көре алатыныңды, адал, әділ, қамқор бола алатаныңды. Мен саған жақсы әйел болатынымды дәлелдеймін және сені ең бақытты адам етемін. Мен мақалалар мен кітаптарға емес, саған сенгім келеді", - деп жазады Нүкенова Бишімбаевқа.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Бишімбаевтан Салтанат хатында неге оны нәркес деп атағанын сұрады.

"Оған біреу айтқан болар. Айттым ғой, ол бірдеңені шығарып алған, бір кітаптарды оқып алған деп" - деді сотталушы.

Айта кетейік, 22 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың телефонын қарау кезінде судья 9 қараша күні деп белгіленген видеофайлдарды қосқан. Файлдардың бірінен Бишімбаев Салтанат Нүкеновадан белгісіз ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен-түспегенін дөрекі түрде анайы сөзбен сұрағаны естіледі.

Телефондағы бейнежазбалар кейін айыптау тарабына көрсетілді. Оның ішінде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді де бар. Жантүршігерлік кадрларды көрген олар көзін жауып, көз жасына ерік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089586-bisimbaev-nukenovanyn-xatynda-nege-ony-narciss-dep-ataganyn-aitty/

pixel