Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқынына қарсы төселген құм қаптарды кім жинастырады: министр жауап берді

Опубликовано:

Су тасқынына қарсы күрес
Су тасқынына қарсы күрес. Фото: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов үкімет отырысынан кейін өткен брифингте тасқынға қарсы төселген құм қаптардың экологияға әсері туралы пікір білдірді. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлайды.

"Ерте ме, кеш пе тасқын аяқталады. Сол кезде қалың құм қапты не істейсіздер? Бұл жаңа экологиялық апатқа әкелмей ме? Осы күйі қалдырып кетпейсіздер ме? Ертең оны кім жинастырады?", - деп сұрады БАҚ өкілі.

Бауыржан Сыздықов журналист айтқан құм қаптар қазіргі күйінде қалмайтынына сендірді.

"Дұрыс түсінуіңіз керек. Бәрі ол күйінде қалмайды. Әрине, экологияға жауап беретін органдар бар, әкімдіктер де ондай бөлімшелер бар. Оның бәрімен айналысады. Бүгінгі таңда бөгеттерді, уақытша дөңдерді жасаған болсақ, әшейін қалады деп ойламаймыз. Оны да керек-жараққа, халықты, үйлерді, елді қорғауға жаратамыз. Оны өңдеу жұмыстары болады", - деді Бауыржан Сыздықов.

Айта кетсек, бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге баспана салуға бөлінген қаражат ешкімнің қолына берілмейтінін айтқан болатын.

Сонымен бірге министр су тасқынынан бүлінген қора-қопсы мемлекет есебінен қалпына келтірілмейтінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089664-su-tasqynyna-qarsy-toselgen-qum-qaptardy-kim-zinastyrady-ministr-zauap-berdi/

pixel