Түркістан облысында таңға жуық орындықта ұйықтап қалған екі бала табылды
Жарияланған күні:
Түркістан облысы Кентау қаласында екі кішкентай бала ойнап жүрген жерінде ұйықтап қалған. Ағайынды екі баланы полиция қызметкерлері таңғы сағат 5:30-да іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.
Кентау қалалық полиция бөліміне түнгі уақытта жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 3 және 7 жасар ұлдарын таба алмай жатқанын айтып, көмек сұраған.
Тұрғынның айтуынша, ұлдары сағат 17:00 шамасында әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, алайда кеш батса да қайтып келмеген. Жақындары бірнеше сағат өздері іздеп таба алмаған.
Оқиға кәмелет жасына толмаған балалардың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, кентаулық полиция қызметкерлері іздеу шараларына жұмылдырылды. Полиция бірден олар баруы мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Аулаларды аралап, көрген-білгендерден сұрастырған.
"Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жоғалған кішкентай ағайын екі бала таңғы сағат 05:30-да оқиға орнынан 1 километр шамасындағы көпқабатты тұрғын үйдің алдындағы орындықта ұйықтап жатқан жерінен табылды. Ұлдарымен аман-есен қауышқан анасы полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089766-turkistan-oblysynda-tanga-zuyq-oryndyqta-uiyqtap-qalgan-eki-bala-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.