Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалпы айналымы 3 млрд теңге болған": ҚМА Қазнетте есірткі сататын үш ірі алаңды анықтады

Опубликовано:

Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ҚМА Қазнетте есірткі сататын үш ірі алаңды және ел аумағында Telegram арналары арқылы психотроптық заттарды тұрақты жарнамалап, сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан Telegram арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізіп жатыр.

Тексеріс бойынша мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын Darknet-тегі 4 ірі маркетплейс назарға іліккен.

Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды.

Интернет-кеңістіктің қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң, есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды.

Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50 пайыздан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі екені белгілі болды.

Агенттік былтыр айналымы 25,6 млрд теңгені құрайтын 36 есірткі дүкенін, биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықтады.

Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңге болған.

Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды.

"Құрметті азаматтар! Есірткіні қолдану адам денсаулығына жағымсыз әсер ететінін тағы да еске саламыз. Есірткі арқылы жасөспірімдердің денсаулығына қауіп төнуі мумкін.

Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына, айналасына назар аударуды, интернет кеңістігінде көрген контентті, сатып алуларын, сондай-ақ оның карточкалық шоттарына қаражат түсу көздерін бақылауды сұраймыз", - деп ескертті агенттік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090063-qma-qaznette-esirti-satatyn-us-iri-alandy-anyqtady/

pixel