jitsu gif

Маңғыстау облысында ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Алтынбек Мешітбаев
Алтынбек Мешітбаев. Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында ер адам үйден шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым жазуынша, Бейнеу ауылында 1993 жылы туған Алтынбек Мешітбаев іздестіріліп жатыр. Ер адам 18 сәуірде сағат 18:30-да үйден шығып, қайта оралмаған.

Алтынбек Мешітбаев үйінен үстіне қара түсті спорттық күрте, қара шалбар және қара түсті аяқ-киім киіп шыққан.

Туыстары ер адамның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда +7 (705) 655-36-61 немесе 102 телефон нөміріне хабарласуды сұрады.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Маңғыстау облысында ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.