jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда лаундж-бар қызметкері жұмыс орнында ұсталды

    Ұстау сәті
    Ұстау сәті. Фото: gov.kz

    Алматыда прокуратураның бастамасымен лаундж-барда арнайы операция жүргізіліп, тәртіп сақшылары мекеме қызметкерін ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Алматы прокуратурасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, прокуратура бастамасымен ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі таратудың жолын кесті.

    "Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық "мефедрон" есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп отыр.

    Еске салайық, бұған дейін ҚМА Қазнетте есірткі сататын үш ірі алаңды және ел аумағында Telegram арналары арқылы психотроптық заттарды тұрақты жарнамалап, сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басын анықтаған еді.

    Тексеріс нәтижесінде мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын Darknet-тегі 4 ірі маркетплейс назарға іліккен.

    Сондай-ақ сәуірдің 20-сы Алматы облысында психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.