jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақмола облысында балалар жаттықтырушысы есірткі таратқаны үшін сотталды

Жаттықтырушыны ұстаған сәт.
Жаттықтырушыны ұстаған сәт. Фото: polisia.kz

Ақмола облысында есірткі таратқаны үшін шаңғы спортының жаттықтырушысы сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот мәліметінше, Аршалы ауданының БЖСМ-нің шаңғы спортының жаттықтырушысы есірткі заттарды таратумен заңсыз айналысқан.

"Аршалы ауданында өткізу үшін Астанадан есірткі заттарын тасымалдау кезінде жаттықтырушыны полиция қызметкерлері ұстаған және оның автокөлігін тінту кезінде жалпы салмағы 39 кг асатын 4 пакет гашиш табылып, тәркіленді.

Осылайша, ол есірткі заттарды сату үшін аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды жүзеге асырды (Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы)", - делінген хабарламада.

Ақмола облысының ауданаралық сотының дерегі бойынша жаттықтырушы кінәсі оның көлігін тінту және есірткі заттары салынған пакеттерді алу хаттамасымен, сарапшылардың қорытындыларымен, тіркелген қоңыраулары көрсетілген ұялы телефонды тексеру хаттамасымен, бейнекамералардың жазбаларымен; тінту хаттамаларымен, "Ш."-дан жеке пайдалануға арналған есірткі затын сатып алған куәгерлердің айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

"Жаза тағайындауда сот жеңілдететін мән-жайларды – сотталушыда жас балалардың болуын, және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді. Сот үкімімен жаттықтырушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тәркіленген есірткі заттар жойылды.

"Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот хабарламасында.

Ақмола облысында балалар жаттықтырушысы есірткі таратқаны үшін сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.