jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтау мектептерінде соңғы қоңырау соғылмайтын болды

Қоңырау ұстаған оқушы
Қоңырау ұстаған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биыл ақтаулық түлектер үшін 25 мамырда соңғы қоңырау шарасы өтпейтін болды. Бұл туралы Ақтау қалалық білім бөлімі хабарлады, деп жазады Lada.kz.

Дәстүрлі түрде 25 мамырда мектептерде өтетін салтанатты шара биыл өтпейді.

Желілік басылымның жазуынша, қалалық білім бөлімі 2024 жылғы оқу жылы 24 мамырда аяқталатынын хабарлаған. Бұл күні мұғалімдер мектептерде сынып сағаттарын өткізеді.

"Соңғы қоңырау болмайды. Министрлік осылай шешті. Аттестаттар 12-15 маусым аралығында беріледі", - деп хабарлаған қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі өңірлік балысымға.

Еске салсақ, жуырда Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері оқу жылы қашан аяқталатынын хабарлаған еді. Ведомствоның мәліметінше, 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.

Сондай-ақ министрлік баланы жаңа мектепке ауыстыруға қатысты қабылданған жаңа ережені жариялады.

Ақтау мектептерінде соңғы қоңырау соғылмайтын болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.