jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Жиіркенішті": Салтанат Нүкенованың ағасы марқұмның есімін пайдаланып, алаяқтар ақша жинап жатқанын айтты

Айтбек Амангелді мен Салтанат Нүкенова
Айтбек Амангелді мен Салтанат Нүкенова. Фото: Instagram/aitym

Белгісіз біреулер марқұм Салтанат Нүкенованың есімін пайдаланып, желіде ақша жинаған. Бұл жайлы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Нүкенованың ағасы, алаяқтардың ақша жинау үшін марқұм қарындасының суретін пайдаланып жүргенін айтты.

"Осы уақытқа дейін біз ешқандай ақша жинаған емеспіз", - деді Айтбек Амангелді.

Сонымен қатар марқұмның ағасы ішкі істер министрлігін белгілеп, алаяқтарды ұстауды сұрады.

Сондай-ақ Айтбек марқұм қарындасының суретін емге ақша жинау үшін пайдаланып жүргендер барын да айтты.

"Мен емге ақша жинау үшін Салтанаттың суреті мен видеоларын пайдаланғандардан өшіруді талап етемін. Салтанаттың суретін қаралым жинау үшін пайдаланғандары - жиіркенішті. Әсіресе, оның суретін курсын сату үшін пайдаланғандар өте төмен дәрежедегі іс істеді. Адамның қайғысына жанашырлық таныта отырып, өзінің риквизитін жазып қою дұрыс емес", - деді Айтбек Амангелді.

Айтбек Амангелді өз жазбасында көпшілікті белгісіз адамдарға ақша аударудан сақ болуға шақырды.

"Жиіркенішті": Салтанат Нүкенованың ағасы марқұмның есімін пайдаланып, алаяқтар ақша жинап жатқанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.