Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар мен бұршақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі сурет: ANATOLII STEPANOV/AFP via Getty Images

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңіріне дауылдық ескерту жариялады. Оған сәйкес, 28 сәуір күні Қазақстанның екі мегаполисінде қолайсыз ауа райы болмақ, деп хабарлайды "Қазгидромет".

28 сәуірде түнде және таңертең Алматы қаласында тұман күтіледі. Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбіне қар), тұман болуы ықтимал.

28 сәуірде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау-бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ал Шымкент қаласында 28 сәуірде күннің екінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан қаласында 28 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

28 сәуір күндіз Солтүстік Қазақстан облысында батысында, солтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, оның күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Ал Петропавл қаласында 28 сәуір күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

28 сәуір күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ал 27 сәуір сағат 20.00-ден 28 сәуірдің сағат 20.00-ге дейін Өскемен, Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

28 сәуірде Абай облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с болады.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

28 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с болады.

Қостанай қаласында 28 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 сәуір күні Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 28-29 сәуірде облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ал Қызылорда қаласында 28-29 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады.

28 сәуірде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 28 сәуір күні оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28-29 сәуірде Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Дәл осы күндері Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с болады. Ал 28-29 сәуірде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

28 сәуір күні Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Сондай-ақ облыс оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092262-qar-men-burshaq-qazaqstannyng-birqatar-ongirine-dauyldyq-eskertu-zhariialandy/

pixel