jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Астанада екі автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді

Автобус
Автобус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада жол жөндеу жұмыстары аяқталғанша №14 пен №64 автобустардың бағыты уақытша өзгереді. Сызбаларға сәйкес, жол жөндеу жұмыстары Абай даңғылында жүргізіледі, деп хабарлайды CTS-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 14, 64 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.

Ұсынылған сызбаларға сәйкес, Абай даңғылының Сембинова мен Пушкина көшелерінің аралығы жабық болады. Автобустар жабық аймақты Кенесары көшесі арқылы айналып өтеді.

Астанада екі автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.