jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Баянауылдық "Жас Дәурен" 50-ден астам қостанайлық оқушыны қабылдады

Баянауыл
Баянауыл. Фото: Depisitphotos.com

Павлодар өңірі су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасылардың балаларын жылы қарсы алды. Қостанай облысының 51 оқушысы Баянауыл ауылындағы "Жас Дәурен" оқу-сауықтыру орталығына жіберілді.

Орталықтағы "Күшіміз бірлікте!" лагерь ауысымында отбасылары су тасқынынан зардап шеккен облыстың Ертіс ауданынан 6 бала және Успен ауданынан 2 бала бар.

Ауысым 10-30 сәуірге дейін болды. Мұнда балалар тек білім алып қана қоймай, демалды. Орталықта 12 шығармашылық академиясы мен 3 спорт үйірмесі жұмыс істейді. Балаларға Қ. И. Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық мұражайына, Қоңыр әулиеге, С. Торайғыров мұражайына, Ақсан ауылындағы Баянауыл ұлттық саябағының тәлімбағына қызықты экскурсиялар ұйымдастырылды. Мәшһүр Жүсіп кесенесіне де барды.

Ал, достық пен бірліктің нағыз символы ретінде "Баянауыл - Қостанай" аллеясы құрылды. "Таза Қазақстан" акциясы аясында балалар жас қарағайларды бірге отырғызды.

Орталықтағы оқушыларға "Meirimdi qala" қайырымдылық қоры да өз көмегін көрсетіп, балаларды жаңа спорттық киімдермен және аяқ киімдермен қуантты.

Баянауылдық "Жас Дәурен" 50-ден астам қостанайлық оқушыны қабылдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.