jitsu gif branding logo appbranding logo app

Кімнен күдіктену керек: Алматы полициясы ІІМ жалған қызметкерлерінің суретін жариялады (видео)

Полицейлердің атын жамылған күдіктілер
Полицейлердің атын жамылған күдіктілер. Фото: polisia.kz

Алматылық полицейлер өзін Қазақстанның тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, алаяқтық жасап жүр деген күдіктілердің суретін жариялады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматы полиция департаменті "ауқымды арнайы іс-шара жасап жатырмыз" деп өзін жиі Қазақстанның тәртіп сақшылары ретінде таныстыратын танымал алаяқтардың жүзі бейнеленген фотоколлаж дайындады", - делінген ведомство хабарламасында.

Алматы полициясы қазір интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін ескертеді, онда күдіктілер Whatsapp мессенджерінде аккаунт ашып, аватарына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, "ҚР ҰҚК кенеттен тексеріп жатыр" деген сылтаумен қарамағындағыларға үшінші тұлғалардың әртүрлі шоттарына шұғыл ақша аудару қажет екенін жазады.

Сондықтан полицейлер олармен сөйлеспеуге кеңес береді.

Кімнен күдіктену керек: Алматы полициясы ІІМ жалған қызметкерлерінің суретін жариялады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.