Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі ғалым Жайлаубай Қыдырбаев өмірден озды

Опубликовано:

Жайлау Қадырбаев
Жайлау Қадырбаев: biosafety.kz

Белгілі қазақстандық ғалым, профессор Жайлаубай Қыдырбаев 77 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтына сілтеме жасап хабарлайды.

Институт мәліметінше, 2024 жылғы 27 сәуірде 77 қараған шағында елімізде вирусология, эпизоотология, патологиялық анатомия салаларына және вакцина препараттарын өндіруді ұйымдастыруға, үй құстары мен ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпті вирустық ауруларына қарсы зор үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Қыдырбаев Жайлаубай Қыдырбайұлы қайтыс болды.

Жайлау Қыдырбаев биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында 1996 жылдан бастап 30 жылға жуық жұмыс істеді, оның ішінде 15 жылдан астам Індеттік аурулардың алдын алу зертханасын басқарды, 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 36-сы жоғары рейтингті халықаралық журналдарда жарияланған, 37 өнертабыстың және 24 нормативтік вакцина құжаттарының тең авторы.

Профессор Қыдырбаев үй құстары мен ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпті вирустық ауруларына қарсы вакциналарды, оның ішінде А/H5N1 Kazfluvac және А/Н1N1 Refluvac пандемиялық тұмауына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласына арналған Kazfluvir маусымдық тұмауына қарсы вакциналарды дайындау технологияларын әзірлеуге арналған нысаналы республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалардың бірқатар жобаларына жетекшілік етті және орындауға тікелей қатысты, аталған вакциналар Қазақстан, Ресей ғылыми орталықтарында клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан сәтті өтіп, ДСМ-де тіркеуге алынды.

Ел ұкіметі Жайлаубай Қыдырбайұлының сіңірген еңбегін жоғары бағалап, оны 2019 жылы "Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, "Еңбек ардагері" медалімен (2016) марапаттап, Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындады (2013-2014), "Ғылым көшбасшысы" тәуелсіз сыйлығының лауреаты атанды (Thomson Reuters).

" Парасатты ғалым Жайлаубай Қыдырбайұлының бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады, иманды болсын! Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқығай. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!" - делігнен институт хабарламасынеда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092973-belgili-galym-zhailaubai-qydyrbaev-omirden-ozdy/