jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркістандық тұрғын әпкесімен бірге Меккеге велосипедпен аттанды

Меккеге жолға шыққан ағайындылар
Меккеге жолға шыққан ағайындылар. Видеодан кадр: facebook.com/Turkistantvkaz

Түркістандық әпкелі-інілі Рысқұлбековтер Меккеге бару үшін велосипедпен жолға шыққан. Бұл туралы Turkistan телеарнасы хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, олар кеше Төрткүл ауылынан шыққан. Жолдарына шағын азық пен қалың киімдер ғана алып, велосипедке тиеп кете барыпты.

Олардың айтуынша, қасиетті мекенге осылай жаяу бару керегі туралы Алладан аян келіпті.

Рысқұлбековтер шамамен екі айда Меккеге жетеміз деп отыр. Олар жай бара салғаннан, еңбекпен, қиындықпен жетеннің сауабы мол дейді.

Сондай-ақ, көрген кісілер де аман-есен жетулерін тілеген.

Желі қолданушылар олардың әркетін құптаған.

"Осы дұрыс сияқты, бару жолы әділ қиындықтармен. Қазіргі кезде барып жатқандар ылғи шоу қылады, табыс көзі болып жатыр", - деп пікір қалдырған видеоға қатысты.

Түркістандық тұрғын әпкесімен бірге Меккеге велосипедпен аттанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.