Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды деген ақпарат пайда болды

Жарияланған күні:

Ерлан Тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: gov.kz

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды. Бұл ақпаратты ҚазАқпарат агенттігіне өз дереккөздері растаған.

Басылым мәліметінше, экс-министрдің үстінен 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Тұрғымбаевтан бұған дейін де прокуратура жауап алған болатын. ШЫҰ АТҚҚ аккредитациясын аяқтаған ол Астанаға оралып, қылмыстық іс бойынша айыпталушы атанды, деп жазады басылым.

KAZ.NUR.KZ осыған қатысты ІІМ мен Бас прокуратураға хат жолдады. Алайда құзырлы органдар бұл ақпаратты не растап, не жоққа шығармады.

Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметін 2019 жылдан бастап атқарды.

2022 жылғы 25 ақпанда Тұрғымбаев ІІМ басшысы қызметінен босатылып, Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл лауазымды ол 2022 жылғы тамыз айына дейін атқарды.

Сонымен қатар Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы, ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, бастығы, ІІМ Тергеу комитетінің бастығы, Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы, Ішкі істер министрінің орынбасары сынды лауазымды қызметтер атқарған.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденінің, І дәрежелі "Қайсар" белгісінің, І және II дәрежелі "Даңқ" орденінің иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093300-eks-ministr-erlan-turgymbaev-ustaldy/