Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жоқ малға субсидия алды деп айыпталған экс-депутат алты жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

сот отырысы
Сот отырысы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының экс-депутаты Асылбек Нұргелдин 457 млн теңгені заңсыз иеленгені сотта дәлелденді. Ол жазасын қауіптілігі орташа түзету мекемесінде өтейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе қалалық сотында өткен жылдан бері қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Сотталушы аудандық мәслихаттың депутаты бола тұра мемлекет қаржысын алаяқтық жолмен иемденді деп айыпталды.

"Асылбек Нұргелдин Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша айыпты деп танылып, алты жылға бас бостандығынан, 10 жылға қаржылық басқару құқығы бар басшылық қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесі деп белгіленсін. "Аграрлық несие корпорациясының" талап арызы азаматтық сотқа берілсін. Нұргелдиннен мемлекет кірісіне 2 017 467 теңге өндірілсін", - деді судья Избагамбетова.

Сот Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының арызын қанағаттандырып, сотталушыдан 67 248 900 теңге өндіруді міндеттеді.

Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспеді.

Еске салсақ, аудандық мәслихаттың экс-депутаты 2023 жылы мамырда ұсталды. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093681-aqtobede-zhoq-malga-subsidiia-aldy-dep-aiyptalgan-buryngy-maslihat-deputaty-alty-zhylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel