Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевты 12 жылға соттауды сұрады

Жарияланған күні:

Марат Күштібаев
Марат Күштібаев. Фото: gov.kz

Прокурор қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға соттауды сұрағаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Прокурор Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деген ақпаратты NUR.KZ тілшісіне Жетісу облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров растады.

5 наурызда қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған ІІБ бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Ол кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында болды. Осы жағдайға байланысты сот отырысы кейінге қалған еді.

Еске салайық, өткен жылы қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін ол екі айға қамауға алынған. Сонымен бірге Күштібаев туралы бұған дейін де шыққан дауларды жинап шыққан едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093771-prokuror-taldyqorgan-politsiiasynyng-eks-basshysy-marat-kushtibaevty-12-zhylga-sottaudy-surady/