jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ұлттық тестілеу орталығы өңірлерде өтетін негізгі ҰБТ уақытын жария етті

Талапкерлер
Талапкерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Биыл негізгі ҰБТ еліміздің әр аймағында әртүрлі уақытта басталады. Төтенше жағдай режимі жарияланған алты облыс талапкерлері үшін ол кейінірек басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Орталық мәліметінше, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін ҰБТ-ға тіркелу 6 мамырдан 20 мамырға дейін, ал тестілеудің өзі 25 мамырдан 12 шілдеге дейін өтеді.

Қалған талапкерлер үшін ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі – 6 мамырдан 14 мамырға дейін. Ал ҰБТ 16 мамырдан басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

ҰТО өкілдері 2024 жылы барлық талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алатынын еске салды.

Ұлттық тестілеу орталығы өңірлерде өтетін негізгі ҰБТ уақытын жария етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.