jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Барбастау – Ақжайық– Индер бағытындағы жол құрылысы аяқталады

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық маңызы бар Барбастау – Ақжайық – Индер 43-93 шақырым, жалпы ұзындығы 50 км автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2024 жылдар. Бүгінгі күнге дейін 43,4 шақырым жол төселіп, жұмыстардың 85 пайызы орындалды.

Аталған нысанды аяқтау үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі кезде жұмыстарды жалғастыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар осы жылы Барбастау – Ақжайық – Индер автомобиль жолының 93-145 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

Бүгінгі күнге мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер ұйым – "Uniserv" ЖШС анықталды. Нысанда жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.

Барбастау – Ақжайық– Индер бағытындағы жол құрылысы аяқталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.