jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қазақстан халқының бірлігі күні Бірлік аллеясына тал егілді

Қала тұрғындары аллеяға тал егіп жатыр
Тал егу сәті. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы құрылым мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен бірге Бірлік аллеясындағы тал егу шарасына қатысты.

Айта кетейік, бүгінде облыстық ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде "Қазақстан халқы ассамблеясы" орталығы жұмыс істейді.

Нұрлыбек Нәлібаев және қала тұрғындары
Нұрлыбек Нәлібаев және қала тұрғындары. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Күрек ұстап келе жатқан қала тұрғындары
Қала тұрғындары. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, қазір республика бойынша "Таза Қазақстан" акциясы өтуде. Акция аясында әр аптаға "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ", "Мөлдір бұлақ»-" тақырыптық атаулары берілген.

Тал егу сәті
Тал егу сәті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала тұрғындары
Қала тұрғындары. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сыр өңірінде "Таза Қазақстан – таза аймақ" науқаны аясында 5 кезең бойынша көгалдандыру, тазалық шаралары ұйымдастырылуда.

Қазақстан халқының бірлігі күні Бірлік аллеясына тал егілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.