Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғамда резонанс тудырған тағы бір іс бойынша сот отырысы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр

Опубликовано:

Сот
Сот. Көрнекі сурет: boonchai wedmakawand/Getty Images

Жоғарғы сот республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастыруда. Бұл жолы Қарағандыда өтіп жатқан сот процесі онлайн көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Жоғарғы сот ақпаратынша, Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты күш қолдану арқылы бұзақылық жасады деп айыпталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысы сағат 11.00-де басталған.

Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы соттың YouTube-арнасында осы сілтеме арқылы көруге болады.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуы

27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тараған еді. Өңірлік полиция өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.

Кейін оқиғаға қатысты сол кездегі денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдірді.

29 қаңтарда күдіктіге іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер дамды тез арада табуды және оның сотын ашық жүргізуді талап етті.

1 ақпанда Бас прокуратура күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталған сәтінен видео жариялады.

Ал 2 ақпан күні жарақат алған жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан ер адамды сотқа бермейтінін айтып, "хайп қуды" деп айыптағандарға жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094575-qogamda-rezonans-tudyrgan-tagy-bir-is-boiynsha-sot-otyrysy-tikelei-efirde-korsetilip-zhatyr/