jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Шымкентте белсенді ардагерлер "Таза Қазақстан" науқанына қатысты

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы басталып, көптеген іс-шара ұйымдастырылуда. Бүгінгі іс-шарада қаламыздың тазалығына ардагерлер үлес қосып, жас буынға үлгі көрсетті. Абай саябағына жиналған белсенділер "Ұрпақтар сабақтастығы" атауымен ата мен немеренің бірлесіп атқарған еңбегіне куә болды.

Осындай үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараға қаладағы бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

"Өз қаламызға қамқорлықпен қарау – әр азаматтың борышы. "Таза Қазақстан" акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шара ұйымдастырылуда. Бүгін "Өнегелі ұрпақ" апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге, үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін", - деді Кенжехан Төлебаев.

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

350-дей адам қатысқан тазалық жұмысында қариялар мен ардагерлер ерікті жастарға тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстарына қол көмек беріп, ақылдарын айтып, жол көрсетті. Әсіресе қариялар осындай игі істің Ұлы жеңіс күні қарсаңында өткеніне қуанышты.

Шымкентте белсенді ардагерлер "Таза Қазақстан" науқанына қатысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.