jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

"Бұның барлығы сіздерді шатастырудың амалы": прокурор алқабилерге үндеу жасады

Айжан Аймағанова
Айжан Аймағанова. Видеодан кадр: youtube.com/@SupcourtRK

Астанада Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бүгінгі жарыссөз кезінде прокурор Айжан Аймағанова сөз сөйледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысы барысында Айжан Аймағанова кейбір заңгерлер мен мамандар Қуандық Бишімбаевқа тағылған айыпқа сенімсіздік тудыруға тырысқанын айтты.

"Сот отырысы барысында сот пен айыптаушы тарапқа қысым көрсетудің түрлі амалы іске асырылғанына куә болдық. Бізді қалай ғана айыптамады? Кәсібилігімізді, біліктілігімізді, айыпталушыға деген бейтараптығымызды да сынады.

Кейбір заңгерлер мен мамандар әлеуметтік желі мен БАҚ беттеріндегі танымалдылық үшін айыптаушы тараптың ұстанымына сенімсіздік пен іс бойынша жиналған дәлелдерге қатысты күмән тудыруға тырысты. Олардың арасында шетелдік мамандар да бар. Бұның барлығы - сіздердің назарларыңызды айыптау мәнінен басқа жаққа аударып, шатастырудың амалы. Бұның барлығы не үшін істеліп жатқанын түсінетін шығарсыздар", - деді сөз соңында прокурор.

Аймағанова алқабилер мен судьяны сотта өздері естіп көрген дүниеге ғана сенуге шақырды.

"Сырттағы білгіштер мен кеңес берушілерге қарағанда сіздер іс материалдарымен жеке танысып, сот отырысы кезінде дәлелдерді зерттеп, куәгерлер мен сарапшы мамандардың жауабын тыңдап көрдіңіздер. Құрметті сот, құрметті алқа билер сіздерге сотталушы кінәсінің бұлтартпайтын дәлелдерін ұсындым деп ойлаймын", - деді мемлекеттік айыптаушы.

"Бұның барлығы сіздерді шатастырудың амалы": прокурор алқабилерге үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.