jitsu gif

Шымкентте "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында "Өнегелі ұрпақ" апталығы өтуде

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Апталық барысында көптеген іс-шара ұйымдастырылып жатыр. "Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс" жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті.

Кездесуге "Amanat" партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры – Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы – Тұңғышбаев Руслан Карибаевич, "САМИ" ЖШС-нің бас директоры – Жамашев Сакен Куттыбекович, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.

Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

"Таза Қазақстан" республикалық экоакциясы "Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында №9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды. Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға "Экология, өлкетану және туризм орталығы" мекемесінің өкілдері белсенді қатысты.

Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.