Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық депутат мектепте жаңа пән енгізуді ұсынды

Опубликовано:

Сынып ішіндегі оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай ауқымды су тасқынының салдарын сөз етіп, одан Қазақстан халқы қандай сабақ алу керек екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Депутат биылғы су тасқынының беті қатты болғанын айтты.

Қазір қарғын судың беті қайтқанымен, қауіп сейілген жоқ. Тіпті, қауіптің көкесі әлі алда. Оның үстіне, тасқын су талай былықтың бетін ашты.

"Мен осы жерде мына тазалық мәселесін де көтергім келіп отыр. Себебі елге тасқынмен бірге енді топалаң келеді. Өйткені қарғын судан қорғану үшін мыңдаған қап пен пакеттен бөгет тұрғыздық. Полиэтилен клеенкаларды пайдаландық. Енді су кеткен соң осы кенеп қаптарды түгін қалдырмай, түгел жинап алмасақ, экологиялық апатқа тап боламыз", - деді депутат.

Оның сөзінше, сай-саладан келген су қаншама күл-қоқыс, қалдық, аң-құс пен малдың өлексесін ағызып әкетті.

"Осы жемтіктерді залалсыздандырмасақ, жаңағы мен айтып отырған топалаң құрғыр түрлі дерт пен ауруды таратуы мүмкін. Қазір ел бойынша "Таза Қазақстан" тазалық айлығы өтіп жатыр. Қоғамдық орындар мен қоршаған ортада тазалық сақтау, жасыл желекті күтіп-баптау – тек арнайы қызметтердің емес, әрбір азаматтың міндеті.

Тазалыққа жауапты мекемелердің жұмысынан бөлек, тұрғындар көрінген жерге қоқыс тастап, көшелер мен аулаларды ластап кете беретін болса, нәтиже болмайды.

Терезені ашып темекіні лақтыра саламыз, түкіре саламыз, стадион, кинотеатрға баорсақ та, ішкен жегеніміз сол жерде қалады. Көкке шықсақ та сол. Ұлттық парктердің бәрі қоқыс. Одан қалса, үйдегі қоқысты сасытып, подьезге шығара салатын надандар бар. Сол үшін сананы өзгертуіміз керек. Тазалықты кәдімгі құндылық, тіпті, керек болса тәртіп ретінде дәріптеуіміз керек", - деді ол.

Осы орайда депутат Оқу-ағарту министрлігіне орта мектеп оқушылары арасында "Экологиялық сана" атты ағартушылық сынып сағаттарын өткізуді жолға қоюды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094971-qazaqstandyq-deputat-mektepte-zhanga-pan-engizudi-usyndy/

pixel